«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 121 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 115 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және денсаулық сақтауды цифрландыруға жетекшілік ететін Денсаулық сақтау вице-министрлеріне жүктелсін.»;
бірлескен бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 22, 23, 24, 26 және 27-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17,18 және 19-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;